USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

20 пайыз ҚҚС: Қазақстан үшін оптимал көрсеткіш пе әлде "қауіпті аймаққа" қадам ба?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Макроталдаушы Аякөз Ханет Қазақстан экономикасын "салық тұзағынан" құтқаратын ұсыныстарын айтты.

Қосымша құн салығы мөлшерлемесін 12-ден 20%-ға дейін арттыру бастамасына бірқатар елдерге осы тақырып бойынша жасалған эмпирикалық зерттеулер арқылы қарап көрдім

Шешімді жақтаушылар бұл шара нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейеді деді. Қазіргі жағдайда біздің бюджеттегі салық түсімдерінің ¼ жуығы – ҚҚС. 

Экономикада Laffer Curves – Лаффер қисығы тұжырымдамасы бар. Ол салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы байланысты көрсетеді. Қисық мынадай дөңес пішінде болады "Ո" 

Бұл дөңестің тура ортасындағы нүкте "салық ставкасының максимумы", яғни бұл нүктеге дейінгі көтерілген ставкалардағы салықтан түсімдер артады, ал сол нүктеден бастап түсімдер азаяды (оң жағы). Яғни, бастысы осы "нүктеден" қателеспеу, әйтпесе қауіпті аймаққа өтіп кетеміз.

Бізде ҚҚС-ын бірден 67%-ға өсіру бұл "фискалдық шок". Әдетте мұндай реформалар жасау үшін тек одан келетін түсімдерді ғана емес, бұл "шоктың" қаншалықты оптимал көрсеткіш екенін дәлелдейтін модель және экономикаға қандай импульс беретіні сарапталған талдау жұмысы болуы керек (бізде бар ма, жоқ па – білмедім).

ҚҚС ставкасын көтерудің салық түсімдеріне әсері: Лаффер қисығы

Еуропа Одағына кірген 27 елдегі 1995-2011 жылдар аралығындағы салық мөлшерлемесін арттыру реформасына қатысты зерттеуге сүйенсек, салық түсімдерін арттыра берсе, ол белгілі бір шекке жеткен соң әрі қарай азаятыны байқалған. Бұл парадокс Лаффер қисығы арқылы түсіндірілген. 

ҚҚС ставкасы өзгеріссіз қалса да, түрлі экономикалық цикл кезеңінде салық түсімі әртүрлі болған. Яғни, экономика қарқынды өскен уақытта салық түсімдері де көп болған, ал рецессия кезеңінде аз болған. Яғни, экономиканың қай кезеңде екені маңызды.

Рецессия кезеңінде Лаффер қисығы өзгереді, ол салық түсімінің ҚҚС ставкасының өзгеруіне әлдеқайда сезімтал болатынын білдіреді (яғни, бизнес пен тұтынушылардың реакциясы тез болады).

Дереккөз: The VAT Laffer Curve and the Business Cycle in the EU27: An Empirical Approach 

ҚҚС ставкасын көтеру тұтынуға және бизнес ашықтығына қалай әсер етеді?

ҚҚС артқан сайын тауар қымбаттайды, тұтынушылар қымбат және қосымша тауарларды тұтынуды азайтып, қажетті тауарларды ғана сатып алады. 

Тұтыну азайған сайын, өндіріс азаяды, демек экономиканың өсуі баяулайды, демек "салық тұзағына" түсу қаупі болады. 

Табысынан қағылғысы келмегендер салықтан жалтарады, бұл көлеңкелі экономиканың үлесін арттырады.

Одан бөлек ең үлкен әсері "инфляцияның өсуі" және тұтынушылар мен бизнестің сенімінің төмендеуі.

Дереккөз: Heijman & van Ophem (2005): "Willingness to Pay Tax: The Laffer Curve Revisited for 12 OECD Countries

Қауіпті аймаққа өтіп "салық тұзағына" түсіп қалмау үшін қандай ұсыныстар жасар едім:

  • Салықтық әкімшілендіруді жақсарту ставканы көтеруден гөрі көбірек нәтиже береді.
  • Бюджеттегі тиімсіз шығындардан арылу.
  • Бизнестің ашық жұмыс істеуін ынталандыратын шаралар қабылдау.
  • Маңызды қадам - заңсыз әрекеттердің (жемқорлықтың) алдын алуға бағытталған шараларды күшейту арқылы салық тәртібін жақсарту, азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін арттыру.
  • Дифференцияланған ставкалар енгізуден бастау.
  • Жалпы әлемдік тәжірибені мұқият зерттеу.
  • Кез келген шешімді зерттеуге сүйеніп қабылдау.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ҚҚС өскеннен кейін бюджет қызметкерлерінің жалақысы индекстеледі


 

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары