
Билік атаулы әлеуметтік көмек бойынша төлемдерді ұлғайтады.
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін көтерген кезде азаматтардың сатып алу қабілетін сақтап қалуға ниетті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
"Егер реформа қазір айтылғандай жүзеге асырылатын болса, онда, әрине, атаулы әлеуметтік көмекті арттырамыз. Біз оған кіргендердің барлығын қамтимыз. Барлық бюджетшіге жалақыны, зейнетақыны индекстейміз. Сондықтан біз қазір оған мұқият қараймыз", – деді Жұманғарин Үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша министрлер кабинетінің мүшелері Үкіметтің кеңейтілген отырысына дейін жұмыс істей бастады.