Тәртіп бұзған автобус парктерінің басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, Астанада автобус жүргізушілері аптасына орташа есеппен белгіленген 40 сағаттың орнына 91 сағат жұмыс істеген.
"Жұмыс уақытын екі есе асыра орындау жүргізушілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", – деп жазылған хабарламада.
Заң бұзушылықты анықтаған Сарыарқа ауданының прокуратурасы автобус парктерінің басшыларына жиын өткізіп, оларға заң талаптарын түсіндірді. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз: Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі автобус бағдары қосылады.