Тікелей эфир

Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі автобус бағдары қосылады

Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында автобус бағдарының саны артады.

31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады: №49 және №57. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

№ 49 бағдар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен Бас мешіттің арасында жүреді. Бұл "Көктал-1" – "Көктал-2" және "Көктал" паркі мен "Жағалау" арасында көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№ 57 бағдар "Нұрлы жол" теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде жолаушылар тасымалдауға, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрастырылған су жаңа автобустар бір жылға жетпей бұзылып жатыр.


 

Серіктестер жаңалықтары