Магистральдық газ құбырындағы апат салдарынан Жамбыл облысының бес елді мекеніндегі 980 үй газсыз қалды. Бұл Жамбыл ауданына қарасты Гродеково, Жасөркен, Қызылдихан, Қызылқайнар және Полатқосшы ауылдарының тұрғындары, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сағат 8.00-дегі ақпарат бойынша, Гродеково ауылындағы жер үсті орта қысымды газ құбырында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Екі жедел дәнекерлеу бригадасы мен төрт арнайы техника жұмылдырылған. Сағат 7.00-ге қарай газ құбырындағы сегіз тораптың төртеуін тығыздау қалпына келтірілді.
Барлық сегіз әлеуметтік нысан (төрт мектеп, екі балабақша, бір дәрігерлік амбулатория, бір медициналық пункт) баламалы жылу көзіне қосылды. 500 литр қысқы дизель отыны бар.
Оқи отырыңыз: Қызылордада жаңа жылу электр орталығы бой көтеруде
Белгілі болғандай, әкімдіктің жауапты қызметкерлері бес елді мекеннің 26 көшесінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.