Тікелей эфир

Жамбыл облысында балаларды шанамен сырғанатқан көлік жүргізуші жауапқа тартылды

Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды.

Қаратау қаласында полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында өздеріне және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, балалар отырған шананы көлікпен сүйреген жүргізушінi анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Ал оның жолаушылары кәмелетке толмаған жас балалар болған. Өзінің жауапсыз және қауіптi әрекеті үшін құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Оқи отырыңыз: Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі


Жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36920 теңге көлемінде айыппұл төлейтiн болды.

Серіктестер жаңалықтары