Тікелей эфир

Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі

Қамиша Есмұхамбетқызы жол ережесін бұзғанда салынатын айыппұл мөлшерін азайтуды ұсынды.

Заңгер Қамиша Есмұхамбетқызы жол ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемін азайту қажет екенін алға тартты. Айтуынша, қазіргі айыппұл көлемі халықтың орташа жалақысына сәйкес келмейді. Бұл туралы заңгер 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтты. 

"Қоғамның өзінде айналасына деген жауапкершілік болған жағдайда ғана қылмыс саны мен құқық бұзушылық азаяды. Көліктің қауіпті құрал екенін білетін жүргізуші ғана құқық бұзбайды. Ал айыппұлды көбейту қылмыстың азаюына көмектеспейді", – деді Қамиша Есмұхамбетқызы. 

Мұнымен қатар, заңгер жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың халықтың орташа жалақысына сай келмейтінін айтты. 


Оқи отырыңыз: Бала отырған көлікте темекі тартқан азаматтарға айыппұл салынады


"Бізде 50-60 айлық есептік көрсеткішке дейін салынатын айыппұлдар бар. Егер жол-көлік оқиғасы кезінде адамның денсаулығына зиян келмесе, онда айыппұл мөлшері төмендетілуі керек. Себебі, қазір қоғамда өмір сүру оңай емес", – деп қосты маман. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары