Тікелей эфир

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?

Биыл біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы артылған соманы қандай мақсатта пайдаланатынын және жыл басынан бері қанша өтінішті орындағанын жариялады. 

Салымшылардың 3061 өтініші орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады. 

Тұрғын-үй жағдайын жақсартуға:

2023 жылы:

  • БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағына аударылды – 7,1 млрд тг;
  • орындалған өтініш саны – 3 061;
  • пайдалануға алған қаржының орташа сомасы – 2,3 млн тг.

2022 жылы:

  • БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағына аударылды – 76,2 млрд тг;
  • орындалған өтініш саны – 50 060;
  • пайдалануға алған қаржының орташа сомасы – 1,5 млн тг.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмысы бар адамдардың өзі неге кедей? Еңбек министрі жауап берді


Екі жыл ішінде (2021 жылғы қаңтардан бастап):

  • БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағына аударылды – 3,2 трлн тг;
  • орындалған өтініш саны – 1 348 461;
  • пайдалануға алған қаржының орташа сомасы – 2,4 млн тг.

Өтініштердің мақсаты:

  • тұрғын үй сатып алу, жеке тұрғын үй салу – 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3 пайызы;
  • тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру – 21% немесе аударылған сомалардың 8,2 пайызы;
  • салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша пайдалану – 20,87% немесе біржолғы төлемдердің 13 пайызы;
  • бастапқы жарнадан бастап қайта қаржыландыру және толық өтеу үшін –  20% немесе біржолғы төлемдердің 12 пайызы. 

"Уәкілетті операторлар тарапынан қазақстандықтардың мақсаттары өзгеруі не қаражат салымшылардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына қайта оралуы мүмкін. Өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдаланылмауына байланысты уәкілетті операторлардан ЖЗШ-ға 462,7 млрд теңге қайтарылды. Оның ішінде 2023 жылдың қаңтарында 2,27 млрд теңге қордағы жеке шоттарға оралған", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар депозит бойынша 10 пайыз өтемақыны наурыз айында алады


Емделуге

2023 жылғы қаңтарда 3,2 млрд теңгеге 2537 өтініш орындалды. Ал емделуге алынған қаражаттың орташа сомасы шамамен – 1,3 млн теңге. 

"2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 322,2 млрд теңгеге емдеуге 404 512 өтінішті орындады. Емделуге алынған қаражаттың орташа сомасы шамамен – 0,8 млн теңге", – деді банктегілер. 

Жеке басқаруға

Инвестициялық портфельді басқарушыларға 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл кезең ішінде 5933 өтініш негізінде 8,8 млрд теңге аударылған. Бірегей өтініш берушілердің жалпы саны – 3405 адам. Бұл жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияларға беруге шешім қабылдаған салымшылардың бар екендігінің айғағы. Аударымның орташа сомасы – шамамен 1,5 млн теңге. 

Жеке басқарудағы қаражаттың жалпы көлемі инвестициялық табысты ескергенде, шамамен 9,5 млрд теңгеге жетті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары