Тікелей эфир

Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастайды – "Тіл-Қазына" орталығының директоры

Speech Lab компаниясы мен "Тіл-Қазына" орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға бірлесе күш салады.

Бұл туралы Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабаев Facebook-парақшасында жазды. 

28 шілдеде Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен "Speech Lab" ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Speech Lab – жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.

"Speech Lab компаниясы мен "Тіл-Қазына" орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға бірлесе күш салады. Бұл – қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдарымыздың бірі. Демек болашақта Siri, "Алиса" сынды дыбыс көмекшілері қазақ тілінде айтылған барлық ақпаратты сапалы өңдеп, талдай алады. Бастама жүзеге асқаннан кейін мұны мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында да кеңінен қолдануға болады. Бұл қызмет көрсету саласын оңтайландыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді", – деп жазды Мақпал Жұмабай. 

Орталықтың бас директоры Speech Lab компаниясының басшысы Жұлдыз Татағұловамен бірнеше айлық келісімді аяқтап, ортақ құжатқа қол қойғанын мәлімдеді. 

Оның айуынша, мұндай үлкен жобаның сәтті жүзеге асуы үшін аса үлкен көлемдегі сапалы контент қажет. Ондай ауқымды контентпен "Тіл-Қазына" орталығы айналысады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары