Жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады. Бұл жайында университет делегациясының Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс сапарында мәлім болды, деп жазды Aikyn.kz.
Сапар барысында бірқатар университеттермен жоғары білім саласына қатысты ауқымды жобалар мақұлданып, екіжақты келісім жүргізілді. Соның бірі – Қорқыт ата атындағы ҚУ мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті бірлесіп, алдағы 7 жылда "Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет" жобасы аясында жасанды интеллект мектебін ашуды жүзеге асырмақ. Жасанды интеллект мектебі 3 бағыт бойынша білім алушыларға оқу процесін жүргізеді.
"Біздің университет делегациясы Қорқыт ата университетінде IT орталығын ашу туралы ұсыныс білдірген болатын. Бұл ұсынысымыз қолдау тауып, біздің оқу орнында жасанды интеллект мектебін ашуға келісім жүргіздік. Осы жоба негізінде алдағы 7 жылда Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржылай қолдау көрсететін болады. Жыл сайын Сеул университетінен 2 профессор дәріс беру үшін және 2 студент бағдарламаларды қамтамасыз ету мақсатында оқуға жіберіледі. Аталған мамандықтарға арналған заманауи зертханалар жасақталып, олар Корея Республикасында шыққан серверлер, озық жабдықтар және бағдарламалармен қамтылады", – деді бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы, ректоры Бейбіткүл Кәрімова.
Оқи отырыңыз: ChatGPT: Жасанды интеллект адам еңбегін алмастыра ала ма?