Тікелей эфир

Жамбыл облысында мектеп оқушысы қайтыс болды. Оны жоғарғы сынып оқушысы ұрған

Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы таяқ жеп қайтыс болды. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлады.

Тоғызыншы сынып оқушысы басқа оқушыны көшедегі әжетхананың жанында күтіп тұрған. Ол оның өкпесінен ұрып, төбелестің соңы өліммен аяқталды.

"Студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы құлап, есінен танып, көз жұмды


Мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымына қатысты бөлек тергеу басталды. Олар балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамады деген күдікке ілінді.

Серіктестер жаңалықтары