Ақтөбеде Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернатында жантүршігерлік оқиға орын алды: оқушы құлап, есінен танып қалып, көз жұмды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.
Оқиға 11 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Бексұлтан есімді оқушы сегізінші сыныпта оқыған. Шұғыл көмек қызметінің күш салуына қарамастан, ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қазір оның өлімінің себебі анықталуда. Полицейлер денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Сонымен қатар, спорт мектебінің қызметкерлеріне қызметтік міндеттеріне адалдық танытпағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалім жол апатынан қаза тапты