Тікелей эфир

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының логотипіне байқау жарияланды

Байқауға кез-келген адам қатысады. Жүлде қоры – миллион теңге.

Қазақстанда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының логотипін әзірлеу үшін ашық жарияланды, деп хабарлады жоба операторы – Samruk-Kazyna Construction компаниясы.

Байқауға қатысушыларға ешқандай шектеу жоқ. Ал логотип заманауи үрдістер мен ұлттық дәстүрлерді, тәжірибе мен ұрпақтар сабақтастығын үйлестіруі тиіс.

Байқауға өтініштер 13-27 наурыз аралығында қабылданса, одан кейінгі 4 күн ішінде бағаланып, 1 сәуірде қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жоспар бойынша 3 сәуірде өтеді.

Жүлде қоры:

  • 1 орын – 700 мың теңге;
  • 2 орын – 200 мың теңге;
  • 3 орын – 100 мың теңге.

Өтінімдер электронды форматта info@fnsk.kz мекен-жайына қабылданады.


Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп": Жаңа үлгідегі білім ошақтары ұлттық нақышта салынады


Еске салайық, ұлттық жоба аясында Қазақстан бойынша барлығы 401 жаңа мектеп салу жоспарланған. Олардың 221-інің құрылысы 2023 жылы басталады. Жобаның жалпы бюджеті – 2,6 трлн теңге. 

Жаңа мектептер ең алдымен мектеп тапшылығы бар аймақтарда бой көтереді. Бекітілген жоспарға сәйкес, мектептердің көпшілігі салынатын өңірлер:

  • Алматы облысында – 63;
  • Түркістан облысында – 63;
  • Шымкентте – 25;
  • Маңғыстау облысында – 24;
  • Астанада – 24;
  • Алматыда – 22.
Серіктестер жаңалықтары