Тікелей эфир

Ясауи кесенесі арнайы күзеттің бақылауына өтеді

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кесене қауіпсіздігі туралы Үкіметке хат жазғанын айтты. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

"Ұлттық қауіпсіздік қызметі Яссауи кесенесін әлдебіреулер жарып жібермекші болғаны туралы ресми хабар таратқан еді. Содан бері нысанның қауіпсіздігін жетілдірдіңіздер ме? Кесенеге қауіп төнгенін облыстың қауіпсіздік органдары білмей қалған ба? Кесенені жару кімге, не үшін керек болды деп ойлайсыз? Қазір ол нысанға ондай қауіп төніп тұрмағанына қандай да бір кепілдік бере аласыз ба?" – деп сұрады БАҚ өкілі.

Әкімнің айтуынша, кесененің қауіпсіздігі қазір үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.


Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болды


 

"Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Кім, не ойлап жүргенін ешкім білмейді ғой. Ондай оқиға ақпан айында болды. Оны өзім де БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер «серік қосу, тағы басқа нәрселер» дейді. Оның не үшін барғанын айта алмаймын", – деді аймақ басшысы.

Дархан Сатыбалды кесене қауіпсіздігі бойынша үкіметке хат жазғанын да айтты. Тарихи орын стратегиялық нысандар тізіміне енгеннен кейін, оның қауіпсіздік шаралары арнайы күзет қызметі арқылы іске асырылады.

 

Серіктестер жаңалықтары