Тікелей эфир

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болды

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болды.

Бүгін Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының  өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр.

"Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді", - деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысында.


Оқи отырыңыз: Екі ғасырлық тарихы бар Кенесары ханның Құран кітабы Ясауи кесенесіне қойылады.


 

Серіктестер жаңалықтары