Тікелей эфир

ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады

Олар бір ай бойы Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өтеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі биыл әскери міндетті 150 адамды 30 күндік әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр. ҰҚК төрағасы бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында 13 сәуірге дейін қоғамдық талқы үшін жарияланды. 

Әскери жиындарға шақырылғандар ҰҚК шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстарындағы департаменттерінде (әрбірінде 75 адамнан) әскери білім және машықтарын үйренеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылатынын хабарлаған болатын. 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары