Тікелей эфир

Үндістанның солтүстігінде жауған нөсер жаңбыр салдарынан тағы 31 адам қаза болды

Үндістандағы көшкін құрбандарының саны 358 адамға жетті.

Үндістанда нөсер жауын салдарынан тағы 31 адам қаза болды, деп хабарлады The Times of India басылымы.

9-10 тамызда Үндістанның солтүстік төрт штатында - Раджастхан, Химачал-Прадеш, Уттар-Прадеш және Пенджаб штаттарында қатты жауын-шашын байқалғаны атап өтілді. Толассыз жауын 31 адамның өмірін қиды.

Атап айтқанда, Пенджаб штатында 12 адамнан тұратын отбасы тойға бара жатқанда өзенге батып кеткен. Тоғыз жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

"Жеті жас жігіт Бхаратпурдағы Банганга өзенінің маңында жер опырылып, суға құлап, қаза болды. Тағы үш адам жиналған жаңбыр суына батып кеткен. Қараули ауданында көрші ғимараттың бір бөлігі құлап, ер адам мен оның 10 жасар ұлы қайтыс болған. Раджастхан, Химачал-Прадеш, Уттар-Прадеш және Пенджаб штаттарында сегіз адам із-түзсіз жоғалған", – делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, кейінгі аптадағы толассыз жауған жаңбыр Үндістанның әртүрлі аймағында ғимараттардың, жолдар мен көпірлердің қирауына, сонымен қатар жаппай су тасқынына, көшкінге әкеп соқты.

Айта кетейік, Үндістандағы көшкін құрбандарының саны 358 адамға жетті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары