2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елде дәнді дақылдардан 1,2 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% көп, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Келесі өңірлер ұнды бәрінен көп өндірді:
- Қостанай облысы – 399,9 мың тонна, бір жылда 10,8% өскен;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 118 мың тонна, бір жылда 25,2% өскен;
- Қарағанды облысы – 96,2 мың тонна, 4,4% азайған.
Қазақстан ұн бағасының қымбат болуы бойынша 91 елдің ішінде 33-орында. Қазақстанда ұнның бір келісінің бағасы 0,95 доллар болды.
Оқи отырыңыз: Ет бағасы екі аптада 200 теңгеге қымбаттады
Осы жылдың сәуір айында Қазақстанда ұн бағасы 7,5% және бір жылда 22,7% өсті. Жоғары сорт ұнының бір килограмы 301 теңге, ал бірінші сорттың бағасы 200 теңге болды.
Бір ай ішінде:
- Жамбыл облысында – 22,6%;
- Батыс Қазақстан облысында – 15%;
- Түркістан облысында – 14,1% өсті.
Бір жыл ішінде:
- Жамбыл облысында – 50,6%;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 28,5%;
- Түркістан облысында 27,9% өсті.
Ұнның бір келісінің ең қымбат бағасы астанада тіркелді – 369 теңге. Ал ең арзан баға Павлодарда – 205 теңге.