Ұлытау облысы әкімдігі өңірде қырылған киіктердің өлексесін жинау және жою жұмысы жүріп жатқанын хабарлады. Қазірге дейін 63 киіктің өлексесі жойылған.
Ұлытау облысы бойынша Охотзоопром және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2023 жылы қаңтар айының басында Ұлытау облысының аумағында, Жаңаарқа ауданында шамамен 35 мың киік байқалған. Олардың басым бөлігі елдің оңтүстік аймақтарына өтіп кеткенімен, біразы түрлі жағдайларға байланысты Ұлытау облысының аумағында қалып қойған.
Оқи отырыңыз: Сәкен Ділдәхмет: Киіктерден бөлек қасқырлардың азаюы үлкен мәселе болып отыр
"Ауа райының қолайсыздығы мен азықтың болмауы салдарынан біздің өңірдегі киіктерді өлу фактісі байқалды. Қазіргі уақытта Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағында 63 киік жиналып ереже талаптарына сәйкес жойылды", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді
Киік өлекселерін жинау және жою жұмыстары жалғасады.