ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтарылды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтарылды. Қаржылық мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты істі тергеп-тексеру барысында "Қазмұнайгаз" АҚ-ға шамамен 11,3 млрд теңге өтелді. Жамбыл облысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде "ТаразЭнергосбыт" АҚ мемлекеттік ұйымына 2,2 млрд теңге өтелді. Өзге мысал, қазіргі уақытта "Олимп" БК лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық іс аясында алып қойылған $5,5 млн және €200 мың қаражатты Ұлттық Банкке аудару рәсімі жүріп жатыр", – делінген ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Данияр Әшімбаев Кәрім Мәсімовтың "батыстағы серіктері" туралы
Сондай-ақ, 95 млрд теңгеге залал келтірген осы букмекерлік кеңсенің басшысы болған С. есімді азаматтты қоныс-колониясына ауыстыру (ұстау шарттарын жеңілдету) туралы Қапшағай қалалық сотының 06.06.2022 жылғы қаулысының күшін жою туралы жекеше өтінішхат енгізілгені мәлім болды. Комиссияның дерегіне сүйенсек, аталған іс бойынша мемлекет пайдасына шамамен 3,6 млрд теңге тәркіленген.
Нақтырақ айтсақ, Алматы қаласныда 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, 30 жылжымайтын мүлік нысаны тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және басқалар қайтарылған.