Оған қоса жыл басынан бері қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.
ҰҚК шекара қызметі кейінгі шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жариялады.
Жалпы сомасы 2,5 млрд теңге болатын 300 заңсыз валюта айналымының алды алынды.
"2023 жыл басынан шетелдіктер (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының қолдан жасалған және өзге адамның құжатын пайдаланған 150 фактіні әшкереленді. Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды", – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Оған қоса, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.