Тікелей эфир

Үйлену тойы мен жұма намазына тыйым. Елордада шектеу шаралары күшейтілді

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаланың эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтуіне байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Елордада:

  • Бұқаралық іс-шараларға: марафон, спорттық, отбасылық, еске алу, оның ішінде үйде (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митинг, шеру, жиын, форум семинар, конференция және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға;
  • Қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары,  бильярд, океанариум, батуттар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондары, мұзды және роликті сырғанақтарға,концерт залдарына, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, караоке, цирктер, түнгі клубтарға баруға;
  • Діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.ағы басқа) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар) өткізуге тыйым салынды.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінде үстелдердің арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық болуы тиіс. Бір үстелде 4 адамнан ғана отыра алады.

Оқи отырыңыз: Алматы мен Нұр-Сұлтанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшірілді


Қоғамдық орындарда, қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Сонымен қатар, қызметкерлерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіріледі.

Ал, мектептер 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, ЖОО-лар мен колледждің барлық курс студенттері 6 ақпанға дейін қашықтықтан оқытуға көшірілді.

 

Серіктестер жаңалықтары