Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін URKER – 2022 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
Өтінімдерді 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында басылымда не интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
- Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты;
- Жылдың үздік репортажы;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
- Жылдың үздік аналитикалық материалы;
- Халықаралық тақырыптағы үздік материал;
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
- Радиостанциядағы үздік жоба;
- Жылдың үздік фотосуреті;
- Үздік өңірлік БАҚ.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет
Арнайы премиялар:
- Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба);
- Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба);
- Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба).
Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасараптаушылар кіретін сыйлықтың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, URKER - 2022 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.