Индустрия және инфрақұрылым министрі "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойды.
Жол жүру құны мынадай:
- жеңіл көліктерге – 0,07 АЕК (241,5 тг);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін жүк көліктеріне – 0,08 АЕК (276 тг);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін жүк көліктеріне – 0,14 АЕК (483 тг);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін жүк көліктеріне – 0,16 АЕК (552 тг);
- 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін жүк көліктеріне – 0,2 АЕК (690 тг);
- 15 тоннадан басталатын жүкті көтеретін жүк көліктеріне (оның ішінде тіркемесі бар) – 0,22 АЕК (759 тг).
Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды
Көлік иесі бір айға және бір жылға абонемент сатып ала алады.
Бұйрық 21 шілдеден бастап қолданысқа енеді.