Үлкен Алматы айналма автожолы халық игілігіне берілді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму минитсрлігінң баспасөз қызметі.
Айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Ол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Нысан мерзімінен бұрын тапсырылды.
Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебінен жүргізген. Енді 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.
Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы айналма жолымен көлікпен жүру бағасы белгілі болды
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, автожол мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.