Тікелей эфир

ТЖД: Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ

Сейсмикалық станциялар жер сілкінісін Алматы уақыты бойынша 00.09 минутта тіркеді.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 23 қаңтарда түн ортасынан кейін болған жер сілкінісінің мән-жайын айтты.

ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.


Оқи отырыңыз: Шымкент пен Жамбыл облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді


"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1. MPV магнитудасы 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° с. е. 1.78° с.б. Тереңдігі – 65 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары