Шымкентте жер сілкінісі тіркелгені туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"2024 жылы 11 қаңтарда сағат 15:20:32-де жер сілкінісі тіркелді", – деп жазылған Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 856 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болды.
Оқи отырыңыз: Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 62-ге жетті: аралда кішігірім дүмпулер жалғасуда
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6, магнитудасы MPV – 6,4. эпицентрінің координаттары – 37,01° солтүстік, 70,92°, тереңдігі – 180 км. МСК-64 шкаласы бойынша сезіну туралы ақпарат: Шымкент және Жамбыл облысы – 2 балл", – деп жазылған хабарламада.