Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде сөз сөйледі. Саммит барысында ол соңғы кезде ұйымға халықаралық және аймақтық құрылымдардың қызығушылығы арта түскенін атап өтті.
"Ұйым қызметін оңтайландыру шараларын жалғастыру керек. Осыған орай Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерімізді тағайындау мәселесін тезірек шешуге шақырамын. Сондай-ақ хатшылық қызметкерлерінің санын көбейту туралы ұсынысты қолдаймыз. Түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет. Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құруға болады. Соңғы кезде біздің ұйымға халықаралық және аймақтық құрылымдардың қызығушылығы арта түсті", – деді Қазақстан президенті.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыру – бәрімізге ортақ міндет
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына байқаушы мәртебесін беру туралы бастаманы қолдайтынын, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынатынын айтты.