Тікелей эфир

"Тұңғыш президент күні мемлекеттік мереке болмайды". Депутаттар заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Мәжіліс депутаттары 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау туралы ұсынысты қолдады. 

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасында жазылған.

"1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады", – деп жазылған заңға енгізілген түзетулерде.

Депутаттар заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. 


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары