Жобаға сәйкес, 25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленбек.
Мәжіліс депутаттары 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды. Бұл туралы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға ұсынылған түзетулерде жазылған.
"1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады", – деп жазылған заңға енгізілген түзетулерде.
Сонымен қатар түзетулер қатарында:
- 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылған.
Оқи отырыңыз:
- Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды
- Сенат депутаты Астана күнін мерекелеу датасы өзгеруі мүмкін екенін айтты