Тікелей эфир

Түркістанда Х республикалық Құран жарысы өтеді. Жеңімпазға автокөлік сыйға беріледі

Жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Х республикалық Құран жарысы өтеді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі. Сайыс 6-7 қазанда Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланған.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • Құранды толық жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер Қазақстанның ер азаматы болуы керек;
  • үміткер 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

  • үміткердің анкетасы;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • іріктеу сайысының сертификат көшірмесі;
  • облыс бас имамының ұсыныс хаты.

Оқи отырыңыз: Түркістанда көне түркі тілінде жасалған Құран аудармасының тұсаукесері өтті


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Құранды толық жатқа оқу бойынша бас жүлде – автокөлік. Кейінгі орындарға 3 және 2 миллион теңгеден жүлде беріледі. Сондай-ақ, Құранның 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу бойынша және Құранды мәнерлеп оқу бойынша қаржылай сыйлықтар қарастырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары