Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі кеңесінің ұйымдастыруымен Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы" халықаралық конференциясында өтті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара аясында Халықаралық түркі академиясының бастамасымен тұңғыш рет аударылған көне түркі тіліндегі қасиетті Құран кітабының тұсаукесер рәсімі болды.
Шараға министрлік атынан Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысып, өз сөзінде, жаһандық оқытудың заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ болашақ кадрлардың риторикалық дағдылар мен шешендік өнерді зерттеу қажеттілігіне назар аударды.
Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен аударылған кітап жастардың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.