Тікелей эфир

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мүфтият осы жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" деп жариялады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдап, кездесуде Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бас мүфти Наурызбай Қажы. Сурет: Ақорда

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" деп жариялаған. Осыған байланысты елімізде жыл бойына аталған тақырыпта форумдар өткізіледі", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын "Әжелер мектебінің" ашылғаны жайлы айтылды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды, бұлай өмір сүру мүмкін емес 


Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ораза айында ұйымдастыратын шаралары туралы мәлімет берілді. Наурызбай қажы алдағы уақытта түркітілдес елдердің бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары