Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының көбісінің табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтып, жағдайды өзгертуге тапсырма берді.
Президент ұлттық табыс бойынша 2020 жылы бизнестің ең жоғары үлеске (61,5) ие болғанын еске салды. Ал салықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.
"Бұл тым аз. Салыстырмалы түрде Ресейде экономиканың дәл осындай болғанына қарамастан, жалақы 46,7ды құрайды. Бізден 1,5 есе артық. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар. Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG,162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растады. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1 300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек", – деді ҚасымЖомарт Тоқаев.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгертуге тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның білім жүйесін реформалау жоспары туралы бөлісті.