Тікелей эфир

Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Съезге 389 делегат онлайн-форматта қатысты.

"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XXI съезіне елдің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі. 

"Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды", – делінген "Ақорда" твитерінде.

Еске салсақ, мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қорына ақша аудармаған бизнесмендерді сынға алды

 

Серіктестер жаңалықтары