Тікелей эфир

Президент "Қазақстан халқына" қорына ақша аудармаған бизнесмендерге: Бұл ашкөздік пе?

Тоқаев ірі бизнес тарапынан қайырымдылық процесін реттейтін арнайы жарлық шығаратынын мәлімдеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде "Қазақстан халқына" қорына ақшалай үлес қосқан бизнесмендерге алғыс айтты.

Осылайша кәсіпкерлер қайырымдылық көмекке мұқтаж адамдарға азаматтық жауапкершілік танытты, деп атап өтті президент.

"Сонымен бірге, олигополияның бір бөлігі, тіпті, оның үлгісіне айналған бизнестегі кейбір танымал адамдар мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл: ашкөздік, нигилизм, әдепсіздік әлде немқұрайлылық? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің барлық өкілеттігі бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ірі бизнес тарапынан қайырымдылық процесін реттейтін арнайы жарлық шығаратынын айтты.

Еске салсақ, Тоқаев өзінің "Нұр Отанға" төрағалық етуінің орындылығы туралы мәселеге оралу керектігін мәлімдеді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары