Тікелей эфир

Тоқаев: Менің "Нұр Отанға" төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге ораламыз

Президент ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі болғысы келетінін айтты.

Мемлекет басшысы елде саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін президенттің партиялар мен әртүрлі қозғалысқа мүше болмауы керегін атап өтті.

"Президент ретінде мен ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайлар, әрине, президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын білдіреді. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan партиясына одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Мұнымен қатар, ол саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды екеніне тоқталды. Президент қызметінде және партия жұмысында өзінің дәл осы қағиданы ұстанатынын айтты.

"Біз егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз. Шын мәнінде, Nur Otan мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деді Тоқаев.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев партияда қоғамдық-саяси орталардағы азаматтар сеніміне ие лидерлердің аз екенін айтты. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары