Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ел егемендігі – ең басты нәрсе екенін айтты.
"Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды", – деді президент.
Оқи отырыңыз:
- Президент: Экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз
- Тоқаев: Біздің парызымыз – қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, содырларды жазаға тарту
Мемлекет басшысының айтуынша, бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау –киелі парыз.
"Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше "Жаңа Қазақстанды" бірге өркендетейік, ағайын. Қастерлі Отанымыздың тұрығы мығым, абыройы биік бола берсін!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.