Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Еңбек күні – Қазақстанның тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке екенін атап өтті.
"Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. "Адал азаматқа" тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алатынына сенім білдірген президент бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті адал еңбекте жатқанын айтты. Мемлекет осы басты қағидат барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?