Тікелей эфир

Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?

Еңбек мигранттарының басым үлесі Қытай, Үндістан және Түркиядан келген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бар 13 403 шетел азаматы еңбек етеді.

Олар негізінен келесі салаларда жұмыс істейді:

  • құрылыс саласы – 5494 адам (41%);
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1455 адам (11%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 995 адам (8% );
  • өңдеу өнеркәсібі – 889 адам (7%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641 адам (5%).

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар болса, оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызын құрайды.


Оқи отырыңыз: 


Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 3411 адам;
  • Үндістан – 1685 адам;
  • Түркия – 1523 адам;
  • Ұлыбритания – 1073 адам;
  • Өзбекстан – 769 адам.

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Еңбекмині ШЖК тартуға арналған квота 22 226 бірлік (0,24%) белгіленді", – делінген министрліктің хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары