Тікелей эфир

Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

"KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды.

Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды. Бұл туралы Kazenergy жазды.

"KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.


Оқи отырыңыз: Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кетті


Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары