Қазір театр эстетикасы заманауи театр тілін ұлттық классикамен ұштастырып отыр. Ұлттық классика дегеніміз – сахнаға міндетті түрде ұлттық киіммен шығу емес, деді ресейлік кәсіби театр сыншысы, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Марина Дмитревская Jas Qazaq басылымына берген сұхбатында.
Марина Дмитревская Алматыда өткен Орталық Азия елдерінің VIII Халықаралық театр фестивалінде әділқазылардың қатарында болды. Ол фестивальдің алғашқы күндері күткен үміті ақталмағанын айтты.
"1950-1970 жылдардағы театр эстетикасына қайта оралғандай болдық. Құдды атамыздың заманындағы театр секілді. Талқылау кезінде тым қатты кеткен де шығармыз, ал шығыста мұндай сынды көтермейді. Театр эстетикасының баяғыда оқ бойы озып кеткенін айтуға тура келді. Қазір театр эстетикасы заманауи театр тілін ұлттық классикамен ұштастырып отыр. Ұлттық классика дегеніміз – сахнаға міндетті түрде ұлттық киіммен шығу емес", – деді театр сыншысы.
Оқи отырыңыз:
- Суретші Есенгелді Тұяқов: Сценографтың жұмысы театр сахнасында қалып қоймауы қажет
- Театртанушы Мәншүк Тәшімова: Балалар әдебиетіне бойлай алатын драматургтер аз
- Дулыға Ақмолда: Режиссер болып туу керек, ал қазір әнші де, күйші де кино түсіріп жатыр
Сонымен қатар театр сыншысы фестивальге қатысқан қойылымдардың сценографиясы да мәз емес екенін айтты. Дегенмен, қазақ театрын актерлер алға сүйрейтінін айтты.
"Қазақ актерлерінің вокалдық мүмкіндіктері қатты таң қалдырды. Бүкіл Италияның ән шырқайтынын білуші едім. Ал Қазақстанның бұлайша ән шырқауы – мен үшін жаңалық", – деді ол.