Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасына жазды.
"Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектелуде", – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялауға болмайды.
Оқи отырыңыз: Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.