Тікелей эфир

Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беріледі

Мемлекет басшысы бұл бастамаға қолдау білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенінен хабардар екенін айтып, бұл бастамаға қолдау білдірді.

"Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал . Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Тележурналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығына өтінім қабылдау басталды


 

Серіктестер жаңалықтары