Шымкентте мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол қаладағы мешіттердің бірінде болғанында қуат көзінде тұрған Samsung ұялы телефонын белгісіз біреудің қолды еткенін жазып көрсеткен. Яғни, әккі ұры айналасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, ұялы телефонды ұрлап кеткен.
Оқи отырыңыз:
- Ақмола облысында қызметтік ит екі ұрлықты ашуға көмектесті
- Түркістанда полицейлер 86 жастағы әжейге жаңа төлқұжат табыстады
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына жұмылды. Еңбекші АПБ полицейлері ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау камералары жіті қаралды.
Нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген. 30 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.