Тікелей эфир

Шымкентте Шәмші Қалдаяқов тұрған үйде кітапхана ашылды

Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова қатысты.

Биыл Шымкентте 6 кітапхана жаңартылып, олардың үшеуі оқырмандардың қолдануына қайта берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы бір кітапхана қайта ашылады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Солардың қатарында Шәмші Қалдаяқовтың 5 жыл тұрған үйінің бірінші қабатында кітапхана ашылды. Аталған кітапхананың интерьерінің тақырыбы музыкаға арналады. 

Сурет Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова да қатысып, жиналған қауым гүл шоғын қойды. 


Оқи отырыңыз: Халықтың сүйіктісіне айналған сазгердің шығармалары неге өз нақышында орындалмай жүр?


 

Серіктестер жаңалықтары