Тікелей эфир

"Субсидия жоқ, жем қымбат": Қазақстанда 12 құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатты

Осы уақытқа дейін Ресейден қосымша экспортталған өнімдер де алдағы уақытта тоқтауы мүмкін.

Елімізде тауық еті мен жұмыртқа шығаратын 12 құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатқан. Бұған себеп жұмыртқаға берілетін субсидия мен құс жемінің қымбаттауы, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақапараттық бағдарламасы.

Осы уақытқа дейін Ресейден қосымша экспортталған өнімдер де алдағы уақытта тоқтауы мүмкін. Бұлай жалғаса берсе, сәйкесінше тауар құны да аспандайтыны сөзсіз. Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі жұмыртқа мен құс етін экспорттауды толықтай тоқтату туралы хабарлаған. Көршілес елдің өзінде тауардың бұл түрі де бірден қымбаттай бастапты.

Өзіміздің ішкі өнім нарықты толық қамти алмайды. Тіпті, мемлекеттен жұмыртқаға берілетін субсидиясы алынып, отандық жемнің де құны өскен. Осы орайда елімізде алты жұмыртқа өндіретін, алты тауық етін өндіретін фабрика өз жұмысын тоқтатты.


Оқи отырыңыз: Тауық шаруашылығына 2,5 пайызбен бюджеттік несие беріледі.


"Бүгінгі күнде жұмыртқа өндіретін құс фабрикалардың өндірісі азайып отыр. Қазан айында былтырға қарағанда 70 мың жұмыртқа аз берді. Осы айда 200 мыңдай жұмыртқа аз беріп отырмыз", – деді Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Құс өндірушілер одағының басшысы Шығыс Қазақстан облысында қазір бірде бір фабрика жоқ екенін айтты. Ол жаққа да тауық еті мен жұмыртқасы еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіледі.


Оқи отырыңыз: Бір жыл бұрын 43% өскен. Биыл ұн бағасы қаншаға қымбаттады?


Қазіргі уақытта дүкендердегі жұмыртқаның орташа бағасы 10 данасына 500 теңгені құрап отыр.

"Бағаны арзандатса жақсы болар еді. Ет алуға көп адамның шамасы жетпейді. Бағаны арзандату керек", – деді Алматы қаласының тұрғыны Сұлу Үйсенбаева.

Серіктестер жаңалықтары