Тікелей эфир

Тауық шаруашылығына 2,5 пайызбен бюджеттік несие беріледі

Кредитті 10 жылға алуға болады.

Биыл тауық шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 2,5 пайызбен бюджеттік несие беру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір фермерлер ішкі нарықты тауық етімен 50-55 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, бұл көрсеткішті көтеру қажет.

"Ішкі нарықты қамтамасыз ету керек. Өткен жылы тауарлық сүт фермаларға 100 млрд теңге бюджеттік несие бердік. Биыл тауық етімен қамтамасыз ету үшін фермерлерге сондай бюджеттік несиені 2,5 пайызбен 10 жылға беру жоспары бар", – деді министр.


Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие қашан басталады? Бағдарламаға көлік пен жалақы сомасына қатысты өзгерістер енгізіледі


Серік Жұманғарин ішкі нарықты екі жылдың ішінде толығымен тауық еті, сүт өнімдері, балық, көкөністермен қамтамасыз ету жоспары бар екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары