Тікелей эфир

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі

Ел бойынша 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды. 

"Ведомство басшысы оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды тапсырды", – делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік мәліметінше, еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын. Оқушыларды тасымалдау үшін министрлік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық пен ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмін әзірледі.


Оқи отырыңыз: Үйін бесінші жыл қатарынан су басқан ақтөбеліктер мемлекеттен баспана сұрады


Аппараттық кеңес барысында министр балалардың қауіпсіздігімен қатар, су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған педагогтерді қолдау мәселесіне де тоқталды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары