Тікелей эфир

Студенттер үшін педагогикалық тәжірибеден өту талаптарына өзгеріс енгізілді

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова педагогика мамандығын меңгергісі келетіндер үшін қандай жағдай жасалғанын айтты.

Педагогикалық мамандыққа үздік талапкерлер келуі үшін шекті балл 75 етіп бекітілген. Сондай-ақ, бүгінде оқу бағдарламасы мен педагогикалық тәжірибеден өтуге талаптар өзгертілген.

"Педагогикалық білімді жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Педагог мамандығына түскісі келген талапкерлер үшін барлық ЖОО-да шектік балл 75 болып бекітілді. Осыдан екі жыл бұрын ғана бұл 50 балл еді. Бүгін біз жасап жатқан жұмыстар басында – педагог мамандығына ең мықты талапкерлер таңдалуы тиіс", – деді Шолпан Қаринова. 


Оқи отырыңыз: 


Сонымен қатар, вице-министр жоғары оқу орындарында педагогтарды даярлауға арналған барлық бағдарламаға өзгеріс енгізілгеніне тоқталды.

"Оқушылардың бүгінгі жағдайын ескере отырып жоғарылатылған, күрделенген деңгейде оқытылып жатыр. Екінші шара – педагогикалық мамандықта оқып жатқан студенттердің барлығынан жоғары шәкіртақы алуы. Басқа мамандықтардың да Қазақстан экономикасы үшін маңызды екені сөзсіз. Бірақ, солардың ішінде педагогтарға ерекше көңіл бөлініп, стимулды арттырып отыр", – деді Шолпан Каринова. 

Бұдан өзге ол педагогикалық тәжірибеден өтуге қатысты талаптарға да өзгеріс енгізілгенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары